Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тартысты доданың жеңімпаздары анықталды

08.11.2026, 21:45 27

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылордадағы «Инклюзив орталығында» волейболды отырып ойнаудан Қазақстан чемпионаты қорытындыланды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Оған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, ҚР Волейболды отырып ойнау федерациясының президенті, Қазақстан Ұлттық волейбол федерациясының вице-президенті Дүйсенбай Тұрғанов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысы «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты жағдай жасау – қоғамды біріктірудің және әрбір жанға тең мүмкіндік берудің ең маңызды тетігі» деп ерекше атап өтті.

Соңғы жылдары біздің өңірде кәсіби және бұқаралық спортты өркендетуде ауқымды жұмыстар атқарылып, заманауи спорт инфрақұрылымы дамып келеді. Сыр спортшылары халықаралық ареналарда ел намысын лайықты қорғап жүр. Алдағы уақытта да әлемдік додаларда еліміздің көк байрағын желбірете берулеріңізге тілектеспін», — деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Жарыс қорытындысында І орын Атырау облысы,

ІІ орын Қызылорда облысы,

ІІІ орын Маңғыстау облысы командаларына берілді.

Айта кетейік, 5-8 қараша күндері волейболды отырып ойнаудан өткен Қазақстан чемпионатына еліміздің өңірлерінен 8 команда қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: