Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тарихи сәтті тамашалады

15.07.2026, 18:07 45

Кеше Байқоңыр ғарыш айлағының №31 ұшыру алаңынан ғарыш кемесі «Союз-2.1а» зымыран-тасығышы арқылы көкке көтерілді.
Қызылорда қаласының ардагерлері осы тарихи сәттің куәгері болды.

Қала әкімдігінің қолдауымен Байқоңырға сапарлаған 50-ге жуық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары және белсенді мүшелері айрықша әсерге бөлініп, марқайып қалды.

Таңертеңнен арнайы көлікпен жолға шыққан қазыналы қариялар қасиетті Қармақшы топырағында болып, бірқатар мәдени-тарихи нысандарды да аралады. Киелі орындарда суретке түсіп, көне жәдігерлермен танысты.

Тарихи орындарды аралап, ерекше сәтті тамашалаған қариялар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Сапарлас болған замандастар әңгіме-дүкен құрып, осы бағыттағы бастамалардың мұнымен тоқтап қалмайтынына сенім білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: