Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сталинге талап қойған қазақ қызы

14.03.2021, 16:00 1208

HALYQLINE.KZ Халида Маманова Сталинге хатында: «Егер Халық жауы болсам, ендеше мені штрафротаға жіберіңіз. Тірі қалсам – менен және туыстарымнан барлық айыптарды алып тастауыңызды сұраймын», – деп жазған екен…

Х.Маманова 1918 жылы Алматы облысында өмірге келген. Текті отбасыдан шыққан Халида он жасында әкесімен бірге қуғын-сүргіннің қармағына ілініп, жер аударылған. Оның әкесі – атақты Маман байдың ұрпағы, Мамания мектебінің негізін қалаушылардың бірі – Есенқұл Маманов. Әкесі граф деген атаққа дейін жете білген.

Халида Маманова 1941 ж Қазақ медицина институтын тәмамдап, «емдеуші-дәрігер» атанады. Одан соң, Ғылым академиясында физиология институтының аспирантурасына түседі. Бірақ оқуды одан ары жалғастыра алмады. 1942 жылдың ақпанында соғысқа шақырылды.

Медицина институтын бітірген маман ретінде лейтенант атағына қол жеткізуі керек болатын. Десе де, қазақ қызына ол шен түгілі, медбикелік қызмет атқару бұйырмапты. Бұл бассыздыққа төзбеген Халида Сталинге ашық хат жазып жібереді. Өкінішке қарай, кесірінен оның есімі сотталғандар мен саяси тұтқындардың арасына түсіп кетуіне түрткі болған. Кез келген келеңсіздіктен жол таба білетін қайсар қызды авиабатальонға ауыстырып, сондағы амбулаторияның басшылығына тағайындалады.

Халида 821-батальонмен бірге Сталинград түбінде өткен шайқастың басынан соңына дейін қатысқан. Содан кейін 4-ші Украина, 3-ші Беларусь майданы сапында Балтық жағалауын, 1 мен 2-ші Украина майдандарының құрамында Польша, Чехословакия, Австрияны азат етті. Көп ұзамай, Германия жеріне дейін жетті. Осы жылдары көрсеткен ерлігінің арқасында 1943 жылы лейтенант шенін алып, бірнеше медальмен, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. 1945 жылы майданда алған жарақатының кесірінен елге оралды.

М.Дарханбаева,(2019)

Соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: