Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақиқат үшін 25 жыл түрме арқалаған

20.03.2021, 17:00 1648

HALYQLINE.KZ Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы 15 ақпанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы және тарих кафедрасының қалаушысы.

Ермұханның әке шешесі 30-жылдары коммунистер жасаған ашаршылықтан қайтыс болған, сондықтан ол ерте жасында жетім болып, туыстарымен бірге өседі.

Ермұхан – төре руынан шыққан, орта жүз ханы Уәли ханның ұрпағы.
Бекмаханов КСРО уақытында Кенесары хан туралы жазған алғашқы адам еді. Ол сол уақыттын идеологиясына қарамай, Кенесарыны патшалық Ресейге қарсы шыққан батыр және тәуелсіздік үшін күрескен ұлттық көсемі ретінде көрсетті.

Сол жұмысы үшін Ермұхан 1952 жылы 25 жылға қатаң түрмеге қамалды. Сталин өлгеннен кейінгі жылдары Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-cы толық ақталып шықты.
Ермұхан Бекмаханұлы – лагерде жатқанында қаншама қиыншылық пен азапты көрсе де, халқы үшін аянбай еңбек еткен жан.

Ақталғаннан кейін еңбегінің жемісіне қарай, оның есімі халық жадында қайтадан жаңғырып, қоғамдағы беделі қайта оралды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып тағайындалды.

Лагерде кешкен ауыр да азапты күндері Е.Бекмаханұлының денсаулығына кері әсерін тигізді. Айдауда жүргенде өкпесіне суық тигізіп алып, онысы асқынып кеткен екен. Соның салдарынан Ермұхан 1966 жылы 6 мамырда 51 жасында дүниеден озды. Жағдайы қандай ауыр болса да, абыроймен өлуді бірінші орынға қойды.

Ермұхан Бекмаханұлы – ұлттың мүддесін сақтауға тырысқан, дегенінен қайтпайтын қайсар жан, қазақтың тұңғыш тарихшы ғалымы. Оның еңбегінің ізімен тарихты жаңа қырынан зерттеу мүмкіндігі туды. Кенесары Қасымұлын танудың, зерттеудің дара жолын салды. Тарихта оның мұралары ойып тұрып орын алады.

Ермұхан Бекмаханұлы екі рет отбасылы болған. Алғашқы әйелі Губеева Әмина Зәріпқызынан Найля, Нурия, Нәдия есімді үш қыз сүйсе, екінші жары Бекмұхаммедова Халима Адамбекқызынан Ерік, Серік ұлдары мен Қарлығаш есімді қыз сүйген. Барлығы да – жоғары білімді, қайраткер деңгейіне дейін көтерілген мамандар. 20 жыл бірге ғұмыр кешкен екінші жары Халима Адамбекқызымен 1946 жылы Ташкентте танысқан екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: