Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек қайтыс болды

18.05.2020, 9:18 978

Қазақстандық телевизия саласында өзіндік орны бар майталман тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден өтті.

Бейсен Құранбек 49 жасына қараған шағында өмірден озды. Белгілі тележүргізушінің қайтыс болғаны туралы оның журналистика саласындағы әріптестері хабарлады. Нұрғали Нұртай есімді қазақстандық журналист Facebook парақшасында оған жазба арнап, естеліктерімен бөліскен. «Бейсен Құранбек өмірден өтті деген қаралы хабар естідім. Алғаш рет Талдықорғанда 2008 жылы жас журналистер слетінде көрген едім. Өмірде 2-3 рет қана көрсем де қазақ телевизиясының өзіндік келбеті деп танимын. Рухы пейіште шалқысын» – деп жазды ол.

Іле ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Талғатұлы да өз парақшасында қаралы хабарды растады.

Еске сала кетейік, Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.

2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. 2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді.

2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.

«Халық» газеті редакциясы әріптесіміз Бейсен Құранбектің отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: