Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талсуаттың толымды тірлігі

18.09.2023, 17:50 118

HALYQLINE.KZ

Қала әкімі Асылбек Шаменовтың халықпен есепті кездесуі қалаға қоңсы қонған Талсуат ауылында жалғасты. Бұл ауылда да сәтті жобалар жүзеге асып, тұрғындар алғыстарын білдіруде.

Атап айтар болсақ, көшелерге түнгі жарық бағаналары орнатылып, балалар ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 8 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, Сығанақ көшесіне қиыршық тасжол құрылысына жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. 13 көшенің электр желілері жаңартылып, ауылдың инфрақұрылымын дамытуға 3 жоба жасалды. «Ауыл – ел бесігі бағдарламасы» аясында салынған 150 орындық ауылдық клуб үйі жақын күндері пайдалануға беріледі.

Кездесуде қала әкімі тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселер бойынша шаралар қабылданатындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: