Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәуелсіздік ұрпағы болу – үлкен жауапкершілік

13.12.2023, 13:05 47

Егемен елдің ұрпағы болу – кез келген адамзаттың арманы. Бүгінде еліміздің тәуелсіздік алғанына 32 жыл толды. Ел тарихында айрықша орны бар жылы дүниеге есігін ашқан қазақстандықтарды таныстыру дәстүрге айналды. Себебі олар мұз боп қатқан алау тұтанып, Тәуелсіздік байрағы мәңгілік желбіреген кезде еліміздің азаматы атанды. Олардың қоғамдағы бейнесі бүкіл бейбіт ұрпақтың келешек көрінісі екені белгілі. Осы тұста Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ұлт баласына білім беруде үлес қосып жүрген Қызылөзек ауылдық округіндегі №39 орта мектебінің мұғалімі Айдана Есетова тәуелсіздік ұрпағы болу үлкен жауапкершілік екенін айтты.

– Биыл мұғалімдік саласында қызмет етіп жатқаныма 14 жыл болды. Тәуелсіздік ұрпағы болғаныма қатты қуанамын. Отбасымның айтуынша, мен дүниеге келген кезде отбасымда берекелі, мерекелі жыл болды деп жатады. Мұғалімдер отбасында дүниеге келдім. Соның арқасында тәжірибелі маман болуға ата-анамнан көргенім, біліп-түйгенімнің септігі тиді. Қазіргі таңда, біршама жетістікке жеттім. «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері атандым. Республикалық, облыстық, қалалық байқауларда шәкірттерім жүлделі орыннан көрініп жүр. Мен білім беретін ордада 5 тәуелсіздік ұрпағы бар. Бәріміз бірге бас қосып, жыл сайын осы күні іс-шаралар өткіземіз. Ең айтулы іс-шараны 2020 жылы өткіздік. Ауылдық округтің 1991 жылы дүниеге келген барлығын бір арнаға жинап, семинар-тренингтер жасадық. Көпшілікке қатты ұнады. Мен тәуелсіздік ұрпағы болу – үлкен жауапкершілік деп есептеймін, – деді Айдана Аманбайқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: