Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәрбие – тағылымның түп қазығы

27.10.2020, 8:50 974

HALYQLINE.KZ

Кешеқала әкімінің орынбасары А.Есжановтың қатысуымен «Тәрбие – тағылымның түп қазығы»тақырыбында қала жастарымен кездесу өтті.Кездесугеаймағымыздың елжанды ағалары, қоғам белсенділері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, жастар ұйымдарының жетекшілері, ата-аналар комитеті және белсенді жастар өкілдері қатысты.

Кездесу барысында жастарымыздың, болашақ өскелең ұрпақтың тәрбиесі, темірдей тәртібі, отансүйгіштігі, отбасы құндылықтары, баланың ана мен әкеге деген құрметі туралы мәселелер талқыланып, қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі вандалдық әрекеттің белең алуы туралы сөз қозғалды.

Алғашқы сөз кезегі Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қордың төрағасы, Қызылорда қаласының құрметті азаматы С.Аңсатовқа беріліп, «Отбасы құндылықтары және отбасы институтын қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйледі.

Әл-Фараби бабамыз: «Кез келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген екен. Осы орайда, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубай Әбішев «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар, бүгінгі жастардың тәрбиесі және ұлттық мәдениетіміз туралы дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Бақтияр Оспанов және М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры Нұрмат Мансұров сөз сөйлеп, жастарымызды қоғамдағы келеңсіз көріністерге қарсы ел болып бірге күресуге шақырды.

Жиын соңында қаламыздың белсенді жастарының атынан Бекен Жамбылов (суретте) Сыр жастарына өз үндеуін жариялап, тәртіпсіздікке бой алдырмай, тазалықты сақтай отыра, қаламыздың көркеюіне бір кісідей ат салысуға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: