Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәкей Есетовтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар өтті

10.11.2023, 17:30 448

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сыр өңірінде мемлекет және қоғам қайраткері Т.Есетовтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің алдындағы қайраткердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Облыс әкімдігіндегі Тәкей Есетұлының өмір жолы мен қызметіне арналған ғылыми-танымдық конференцияға зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ел ағалары, Тәкей Есетұлының ұрпақтары, туған-туыстары мен үзеңгілес інілері қатысты.

Мемлекет және қоғам қайраткерлері Құдайберген Саржанов, Әбдіжәлел Бәкір, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Жеңіс Сәдуақасұлы, Тәкей Есетұлының баласы Әділбек Есетов сөз алып, қайраткер туралы естеліктерді бөлісті. Сондай-ақ, конференцияда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ақмарал Әлназарованың, Руслан Рүстемовтің және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетовтың, Мұрат Ергешбаевтің арнайы құттықтау хаты оқылды.

Тәкей Есетов 1923 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. Алматыдағы 6 айлық авиациялық курсты бітіріп, майданға аттанған. 1943 жылы ауыр жарақат алған соң, елге оралды. Соғыстан кейін, Арал аудандық сотында, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде, қаржы бөлімінде қызмет етті. 1957-1985 жылдары Арал аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Қызылорда облысы партия комитетінің бөлім меңгерушісі, Арал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: