Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табиғат байлығымызды қорғау – әр азаматтың тікелей міндеті

23.05.2023, 18:10 289

Облыс көлемінде 3325,065 га жерді құрайтын 41 аңшылық шаруашылық бар. 17-сі қазіргі таңда аң пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Бекітіліп берілген аңшылық шаруашылықтар жануарлар дүниесін қорғаумен қатар жабайы жануарларға биотехниялық іс-шараларын жүргізіп отырады. Жабайы жан-жануарлар санының көбеюінің бірден-бір себептерінің бірі осы биотехниялық іс-шара болып табылады. Биотехниялық іс-шара дегеніміз ол жабайы жан жануарларға көктем және қыс мезгілдеріне қосымша азық көздерін (жем, шөп, тұз) беру болып табылады.

Жануарлар дүниесін қорғауға тікелей бақылау жасау міндеті болғандықтан, бұл салада түрлі қиыншылықтар кездесетіні бізге мәлім. Аңшылық маусымы ашыла салысымен аңшы мылтығын арқаланып алып, аң аулауға жолдама парағын алғандарынан бөлек, заңсыз аң атып олжаға кенелгісі келетіндері де көптеп кездеседі. Аң аулау қағидасының бұзылмауының  алдын алу мақсатында облыстың аудандары көлемінде жергілікті атқарушы органдарға Инспекция тарапынан ұсыныстар келтіріліп, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК мен «Аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері» қызметкерлерімен  облыс көлемінде елді мекендер мен ауылдық округ тұрғындарымен кездесулер  мен жиналыстарда жануарлар дериваттарын немесе бөліктерін заңсыз алу, иемдену, тасымалдау немесе жоюмен айналысу қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтыратындығы жөнінде хабарландырып, адам көп шоғырланатын жерлерге (Базарлар, вокзалдар, сауда орталықтар) үгіт-насихат парақшалары таратылып, баспасөз беттерінде мақалалар жариялануда.

         Алайда осындай жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан ҚР Қызыл кітабына енгізілген, жойылып кету қауіпі төнген жануарларға аңшылықты ермек және кәсіп қылып алғандарыда кездеседі. Осындай заң бұзушылықтың алдын алу барысында өңірімізде биыл киік жануарына қатысты – 9, қоян жануарына қатысты – 1 сексеуіл ағашына қатысты – 2 қылмыстық істер тіркелді.

         Бұдан басқа жыл басынан бүгінгі күнге дейін инспекцияның мамандарымен орман және жануарлар дүниесіне қатысты барлығы 39  әкімшіліқ құқықбұзушық фактілері анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылды.

Табиғат байлығымызды, оның ішінде жануарлар дүниесіне ерекше қамқорлықпен қарап, оны қорғауға, көбеюіне ат салысып, келешек ұрпағымызға сақтап, жандандыра жеткізу әр – бір адамзат баласының тікелей міндеті екенін еске сала кеткім келеді.

К.Нұрылдаев,

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: