Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдариядан спирттік ішімдік ішкен азаматша құтқарылды

19.07.2020, 19:45 537

HALYQLINE.KZ Бүгін, яғни 19 шілде күні 15 сағат 00 минуттан бастап Қызылорда қаласына қарасты Сырдария өзені мен кіші каналдарға судағы қауіпсіздік шаралары тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Төрт бағыт бойынша рейдтік іс-шара барысында Халыққа қызмет ету орталығының жанындағы сол жағалауға өтетін көпірдің арғы бет жағалауында белгісіз азаматшаның суға өздігімен түсіп қимылсыз жатқандығы анықталады.

Сол аралықта ҚО ТЖД ЗҚҚАжАҚСБ басқармасының қызметкері Б.Бижігіт, волонтёр Бүркітбай Ақбаян және сол жерде балық аулап отырған Дастан Қадыров есімді азаматпен судан шығарылған. Судан шығарылған азаматша қазіргі таңда жағдайы жақсы, су жұтқан және спирттік ішімдік ішкені анықталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: