Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдария ауданында егіс алқабына орақ түсті

31.08.2022, 14:30 464

HALYQLINE.KZ  Бүгін «БАҚ» шаруашылығының егіс алқабына алғашқы орақ түсті. Рәсімге Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат депутаты, «Жан-Арай» ЖШС-нің директоры Бағдаулет Махашов, «Қызылдихан» ШҚ-ның төрағасы Алданберген Құлбаев, шаруашылық төрағасы Серік Әбжалиев, Қалжан Ахун ауылдық округ әкімі Ғ.Акбаров және ауыл ардагерлері, шаруашылық қызметкерлері қатысты.

Егінге орақ салу рәсімінде аудан басшысы егіншілерді науқандық жұмыстардың басталуымен құтықтады.

«Күріш – біздің елдің, Сыр бойының негізгі байлығы. Ендігі мәселе – осы байлықты шашпай-төкпей, ысырапсыз жинап алып, халықтың игілігіне жарату. Астық мол болып, қырман тасысын», – деді аудан әкімі.

Өз кезегінде «Жан Арай» ЖШС-нің директоры Бағдаулет Махашов, «Қызылдихан» ШҚ-ның төрағасы Алданберген Құлбаев атқарылған жұмыстар жөнінде мағлұмат беріп, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыс жоспарларымен таныстырды.

№1 өндірістік егіс бригадасы алқабында өткен шарада сала ардагерлері ақ батасын беріп, өнімнің мол болып, қырманның тасуына тілектерін білдірді.

«Бақ» шаруашылығында 39 адам жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы негізгі өнім сыр салысын 523 гектар алқапқа егіп, одан мол алуға ниетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: