Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр өңірінде «Жаңару күні» 20-дан аса іс-шара ұйымдастырылды

20.03.2024, 8:45 186

HALYQLINE.KZ

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына сәйкес 19 наурыз – «Жаңару күні» болып белгіленді. Қазақта күн мен түннің теңеліп, табиғаттың тағы бір әсемденіп, жаңаратын күнін ерекше күткен, жаңа күннің бастауын жақсылыққа балаған. Бұл күн әр адам өз-өзіне есеп беріп, өмірін оң бағытқа жаңартатын мерейлі мезет іспетті.

Жаңару күніне орай Сыр өңірінде 21 іс-шара өтті. Қала және барлық аудандарда өмірдің жаңаруын бейнелеу мақсатында жаппай көшет отырғызу жұмыстары жүргізіліп, аталмыш күннің мәні мен мазмұнын айшықтайтын мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Наурыз-думан» атты мерекелік іс-шара өтті.

Осылайша, Жаңару күні өңірде ерекше тойланып, өмірдің жаңа кезеңі қайта жақсылықпен бастау алды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: