Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елінің диқандары Елордаға 500 тоннадан астам өнім алып барды

09.09.2022, 16:00 334

HALYQLINE.KZ Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев сұхбат берді. 10-11 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласы «Астана Арена» спорт кешенінің жанында Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылатын жәрмеңке бұл жолы өзіндік сәнімен ерекшеленеді.

Жәрмеңкеде аймақта өндірілетін отандық өнімдерді қолдау мақсатында арнайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады.

Көрмеге Сыр елінің мақтанышы, негізгі дақыл – күріш, Қызылорданың бүкіл Қазақстанға әйгілі қауын-қарбызы, Арал теңізінің дәмді балығы және басқа да өнім түрлері ұсынылады.

Сонымен қатар, сырбойылық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, облыс тарапынан қайырымдылық қоры аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылады.

Жалпы жәрмеңкеде 70-ке жуық Сырдың диқандары мен кәсіпорындары 50 жүк автокөліктермен жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын 500 тоннадан астам өнімдер ұсынады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: