Тілсіз жау тосыннан төнгенде тосылып қалмаған лазым. Мұны ескерген ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері төтенше жағдайда тиісті әрекет ету әдістерін жетілдірді. Яғни, Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бейбітхан Спанов тәжірибесімен бөлісіп, қажетті ақпаратпен құлағдар етті.
Өртті өршітпеу үшін құралды дұрыс қолдану жайы да қарастырылды. Бұл ғана емес, суға шомылу маусымындағы сақтық шарасы мен алғашқы көмек көрсету тәртібі де тиянақты түсіндірілді. Қайткенмен де, қауіптің бетін қайтаруда қауқарлы болған абзал.
– Төтенше жағдайдың қашан және қандай жағдайда орын алатынын ешкім болжай алмайды. Сондықтан, адам өмірін аман алып қалу үшін әр қызметкердің білімі мен тәжірибесі шешуші рөл атқарады. Бұған бүгінгі кездесуде келтірілген мысал мен айтылған деректар дәйек бола алады. Жеке құрам қызметкерлері де қауіпсіздік бейқамдықты көтермейтінін жақсы біледі, — дейді жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының кәсіби даярлық және дене шынықтыру жөніндегі аға инспекторы әділет лейтенанты Ф.Ертай.
З.Қонысжан
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!