Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Суға шомылғанда сақтық шараларын сақтаңыз (Видео)

10.08.2020, 10:00 532

HALYQLINE.KZ

Су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауды ұмытпаңыздар!Департаменттің жедел кезекшісіне ағымдағы жылдың 9 тамызында сағат 04:55-те Қызылорда қаласындағы автокөлік көпірінің маңындағы Шіркейлі каналына 1992 жылы туған азаматтың суға кеткені жөнінде хабар түсті. Оқиға орнына мамандар 3 техника, 2 қайығымен жетіп, суда іздестіру жұмыстарын атқаруда. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев оқиға орнында сұхбат берді.


ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН  ОРЫНДАРДА СУҒА ТҮСУ ҚАУІПТІ!   


Қарапайым ережелерді сақтамау салдарынан (тыйым салынған және белгіленбеген орындарға суға түсу, су айдыны маңында түнгі мезгілде жүру, табиғат аясында демалуда мас күйінде суға түсу, баланы қараусыз қалдыру және басқа да қауіпсіздік қағидаларын орындамау) әр түрлі қайғылы оқиғағаларға әкеп соқтыруда. 

Кез келген су айдындарында немесе белгіленбеген орындарда суға түспеңіз! Ата-аналардан балаларды бақылаусыз су айдыны аумағына жібермеулерін сұраймыз, оларға сақтық шараларын айтып, түсіндіріп отыруға шақырамыз!

Өзіңіз бен жақындарыңыздың өміріне немқұрайды қарамаңыз!!!

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: