Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Судағы сақтық шараларын сақтау керек

20.08.2020, 15:30 625

HALYQLINE.KZ  Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменовтың қатысуымен төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты брифинг өткізілді.

Жыл басынан Қызылорда қаласының аумағында түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар болуда.

Оның ішінде, жазғы суға шомылу маусымында қала тұрғындарының суда қаза болуы, жасөспірім балалардың көпқабатты тұрғын үй терезесінен құлауы және де түрлі сипаттағы өрт оқиғалары жиі кездеседі.

Ағымдағы жылдың басынан Қызылорда қаласының су айдындарында 10 адамның (оның 3-еуі – бала) суға түсіп, қаза болу оқиғалары тіркелген.

Оған басты себеп – тұрғындардың ескертпелерге назар аудармай суға түсуге арнайы белгіленбеген орындарда және мас күйінде шомылуы. Суға түсу маусымында тиісті мекемелер тарапынан рейдтік шаралар тұрақты ұйымдастырылып келеді. Мәселен, 36 рет ұйымдастырылған рейдтік іс-шара барысында қала аумағындағы белгіленбеген аймақтарда суға шомылып жүрген 746 тұрғын судан шығарылып түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Бұдан бөлек, қала аумағында түрлі сипаттағы 150 өрт оқиғасы тіркелген. Айта кету керек, тұрғындардың үй ауласында тұрмыстық қатты қалдықтарды өртеу салдары өрт оқиғаларының шығу себептерінің біріне айналған. Қала тұрғындары тарапынан жоғарыда аталғандай өртке себепші болатын іс әрекеттер байқалған жағдайда «101», «112» жедел қызметтеріне хабар берілсе, азаматардың жауапкершілігі тиісті Заң шеңберінде қаралады.

Сонымен қатар, жыл басынан қала аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің терезесінен жасөспірім 5 баланың құлап, түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Сіздерден балаларыңыздың, жақындарыңыздың және өздеріңіздің өмірлеріңізге сақ болып, үлкен жауапкершілікпен қарауға, суға тек арнайы белгіленген орындарда шомылуларыңызды сұраймыз

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: