Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су айдындарындағы ТЖ алдын алу мақсатында брифинг өткізілді

13.08.2020, 14:20 319

HALYQLINE.KZ Биыл Қызылорда облысының су айдындарында 27 оқиға тіркеліп, 30 адам қаза болды. Бұл туралы ағымдағы жылдың 12 тамызында Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев баяндады.

Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзудан:

– мас күйінде шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу;

– жүзе алмау, өз күшін бағамдамау;

– су айдындарының маңында балаларды қараусыз қалдыру.

Қайғыны болдырмас үшін, ересектер мен балаларға қарапайым су айдындарындағы қағидаларды сақтау керек:

– шомылу үшін арнайы ашылған, рұқсат етілген орындарға бару керек;

– танымайтын жерлерде сүңгуге болмайды ( тереңде үшкір заттар тастар, ағаштар және т.б. болуы мүмкін);

– қауіпсіз аумақты көрсетіп тұрған белгілерден асып, малтымау.

Ал, егер сіз қатты ағыны бар суда болсаңыз, ағынға қарсы малтуға тырыспаңыз, ағынмен бірге малту керек, бірақ ақырын жағалауға жақындауға күш салу керек. Егер сіз су айдынында иірімге түссеңіз, онда шошымаңыз, аузыңызға ауа толтырып, астына сүңгіп, бірден басқа жаққа малтыңыз.

Құрметті облыс тұрғындары, суға түскенде сақтық шараларын қатаң сақтаңыздар!

Қызылорда облысы ТЖД

баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: