Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде тазалық жұмыстары жүргізілді

08.08.2022, 9:45 748

HALYQLINE.KZ «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – бұл әрбір азаматтың басты міндеті. Осы орайда аудан тұрғындары бүгінгі ұйымдастырылған сенбілікте аудан тынысының кеңейіп, көркейту, тазалық жұмыстарының қарқын алуына өз үлестерін қосты.

Аудан әкімі Нұржан Ахатов аудан көлемінде жүргізіліп жатқан сенбілік жұмысын аралап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Бүгінгі тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтар, және қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етіліп, бүгінгі тазалық шарасына 800-ге жуық адам қатысып, 9 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, ауданға қарасты ауылдық округ тұрғындары сенбілік барысында тазалық жұмыстарын қарқынды түрде жүргізді.Айта кетейік, бұл игі шара тұрғындардың тазалыққа бей-жай қарамай, қоршаған ортаға қарым-қатынасын қалыптастыруға және ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған бастама.Алдағы уақытта аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін тазалық жұмыстары апта сайын жалғасатын болады.

Сенбілік аясында ауданымыздың барлық кент және ауылдық округтерінде санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалындаған жастарымызбен еріктілеріміз, көп балалы аналарымыз, жанашыр тұрғындарымыз бір ауыздан қолдау білдіріп, өз үлестерін қосуда.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: