Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді

09.09.2022, 9:00 75

HALYQLINE.KZ Биыл Шиеліде барлығы 30,1 мың гектарға егін егілді. Ал басты дақыл күріштің көлемі 10 750 гектарды құрады. Ауданда егін көлемін әртараптандыру бағытындағы жұмыстар да өз нәтижесін беруде. Дәлірек айтқанда, биыл жоңышқадан 48 890 тонна өнім жиналса, жаздық бидайдан 410 тонна өнім алынған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.

– Ауданда егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында ескі жоңышқа көлемін – 6147 гектарға, жаңа жоңышқа – 3400 гектарға, соя – 150 гектарға, дәнді жүгері – 110 гектарға, арпа – 50 гектарға, жемдік жүгері – 60 гектарға, мақсары 1494 гектарға артып отыр. Қазіргі таңда көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары қарқынды жүруде. Осы уақытқа дейін көкөністен – 33 620 тонна, бақша дақылдарынан 53 705 тонна өнім жиналды. 25 тамыздан бастап шаруа қожалықтары Сыр салысын жинауды бастады. Бүгінде 10 750 гектар күріштің 1346 гектары орылып, оның 850 гектары бастырылды. Ал мал шаруашылығында төрт түлік мал басы мен одан өндірілген өнім көлемінде тұрақты өсім бар. Атап айтқанда, ауданда мүйізді ірі қара саны – 89 509 бас, уақ мал саны – 136 320 бас, жылқы – 23 778 бас, түйе – 1 656 бас, құс саны 31 918 бас тіркелді. Тиісінше ет өнімі – 101,8 пайызға, сүт – 101,3 пайызға, жұмыртқа 104,6 пайызға артты. Сонымен қатар өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған шара қабылданған болатын. Осыған сәйкес, егіс алқаптарынан қосымша 81,1 гектар жер көлемі дайындалып, 350 отбасыға бөлініп берілді. Қазіргі таңда егілген егіннен өнімдер жиналуда, – деді аудан әкімі Нұржан Ахатов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: