Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шетелдік жезөкшелер жұмыс істеген притон әшкере болды (Видео)

22.07.2020, 14:30 721

HALYQLINE.KZ Алматыда шетелдік жезөкшелер жұмыс істеген притон әшкере болды. Моңғолияның екі азаматшасы әкімші болып қызмет еткен. Олардың басшылығымен интим-кәсіппен жеңіл жүрісті 10 қыз жұмыс істеген, – деп хабарлайды Polisia.kz

«Олар боди-массаж жасайтындары туралы хабарлама жасаған. Сырттан қарағанда қарапайым үш сатылы тұрғын үй, ал ішінде жеке кушеткалары бар, сауна, бассейн басқа да тематикалық бөлмелер болған. Карантин күндері қызметкерлер сақ болған: тек тексерістен өткен клиенттерді кіргізген. Жұмыс қызу жүрген. Жалпы 12 адам ұсталды: үшеуі Моңғолиядан келген, біреуі Тәжікстаннан, тағы біреуі Өзбекстаннан қалғаны еліміздің басқа облыстарынан келген. Аталған мекеменің қызметкерлері сол жерде, мини-жатақханада тұрады», – дейді Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Әбілбеков.   

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: