Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

SEOLLAL – Корей жаңа жылы

12.02.2024, 15:20 148

Сольналь – ай күнтізбесі бойынша корей этносы үшін жаңа жыл мерекесі. Бұл күндері Кореяда күн жылы және халық мерекені тойлап жатыр. Тұрғындар отбасымен жиналып, ұлттық киімдерін киеді, дастарқанға бірге отырып, тойлайды. Бір-біріне сыйлық беріп, үлкендерге және ата-бабаларына тағзым етеді. Сонымен қатар, түрлі дәстүрлі ойын ойнап, көтеріңкі көңіл күймен жаңа көктемді қарсы алады. Қызылордалық корей этностары да дәстүрге бай мерекелерін Жасмин мейрамханасында атап өтті.

Мерекеге орай жиылған қауым алдында Басқарма басшысы Алмасбек Есмаханов құттықтау сөз сөйлеп, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының бірлік пен келісімнің әлеуметтік капиталын нығайту бағытында атқарған жұмыстары туралы айтып өтті. Бұл тұрғыда «Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының орны ерек екендігін алға тартты. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен облыстық ҚХА ардагерлері сөз сөйлеп, корей халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сольналь мерекесінде корей этносының салт-дәстүрлері көрініс алып, барша қатысушылар көтеріңкі көңіл күйде болды. Жаңа жылда корей этносы басымдықты отбасыға беретін көрінеді. Олар жас буынға, өскелең ұрпаққа ата-бабаның себэ салтын насихаттап, үлкендерді құрметтеуге шақыратын Жаңа жылды үлкен-кішісі бірге барлық жоралғыларды өз кезегімен орындады. Дәстүрге сәйкес жастар үлкендерге құрмет көрсетіп, олардың ақ батасын алды.

Сольналь мерекесінде би де, ән де, ұлттық ойын да болды. Барлық ер азаматтар жиналып, қазақтың лянгі тебу қозғалысты ойынына ұқсас – чегичхагиді, ал нәзік жандылар қазақтың алтыбақанына ұқсас нольттвиги және юннори, кейппоп ойынын ойнады.

Қатысушылардың назарына «Алекс» хореографиялық ұжымының билері, қонақтардан кәде-сый ретінде баттл биі ұсынылды. Кеш соңында «Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық бірлестігінің жетекшісі Денис Пак естелік ретінде барлық бірлестік ардагерлеріне сыйлық таратты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: