Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сенатор педофилдерді ату керек деп есептейді

24.07.2020, 16:50 372

HALYQLINE.KZ Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп  Қазақстанда педофилдарды ату керек деп есептейді. Бұл туралы сенатор facebook.com әлеуметтік желісінде жазды.

«Айуанды атуға болады! Азғындық жолға түсіп, адамдық қасиетінен айрылған адамды біздің қазақ «айуан» дейтін… Жалғыз Сәтбаев қаласында ғана емес, республика көлемінде педофил көбейді. Бұл – айуандар көбейгенін аңғартады. Құтырған иттің өзін атып тастаймыз! Адамнан айуанға айналғандарды неге атуға болмайды?!. Айуанға адам құқығы деген мүсіркеумен қарауға болмайды!», – деп жазды сенатор Нұртөре Жүсіп.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 23 шілде күні Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз жоғалып кеткен еді. Полиция және қала тұрғындары бірлесе іздейді. Бүлдіршін көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен табылған. Қасында ер адам болған.

Жиналған жұрт күдіктіні жазаламақшы болған. Оның арты тәртіпсіздікке ұласып, халық күдіктіні жазаға тартуды талап еткен. Бүлдіршін табылған үйдің подъезін қоршап алған. Ашулы топ өз талаптарымен полиция кеңсесіне де барған. Олар жандырғыш қоспаларды лақтырып, бірнеше автомашина жанып кеткен. Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Сәтбаев қаласында жағдай тұрақтанған. Күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталып кеткен. Ал бес жастағы бүлдіршін ауруханаға жатқызылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: