Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сексеуіл тұқымын себу жұмыстары жүргізілуде

23.11.2021, 16:00 654

HALYQLINE.KZ Сексеуіл – «шөл даланың падишасы». Сексеуілдің қасиеті, ол – құмды шөлдің қорғаны, яғни, құмды бекітіп ұстап тұрады. Алайда шөл даланың көркіне айналған, елді-мекендерді құм көшкінінен қорғайтын сексеуілге бүгінде жанашырлық танытатындар азайып барады.

Шөлейтті дала құм көшкінін «кісендеп» ұстайтын, ұлан-ғайыр адырлардың топырағын эрозиядан сақтайтын, атыраптарда тіршілік ететін елді-мекендерді дауылдардан қорғайтын сексеуіл ағашының қасиеттері көп. Сексеуіл ағашының көбеюіне, өсуіне, амандығы үшін түн ұйқысын төрт бөліп жүрген табиғат жанашырлары – орманшылардың еңбегі орасан зор.

Қазіргі таңда, «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» уақытша орман тұқымбақтарына сексеуіл тұқымын себу жұмыстарын жүргізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: