Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сарапшылар Қазақстанда балмұздақ өндірісінің өсуін болжайды

20.05.2021, 17:00 395

HALYQLINE.KZ  Қазақстандық балмұздақ нарығы қарқын алуда. ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2020 жылы елде осы өнімнің 34,6 мың тоннасы өндірілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. Осы мерзімде балмұздақ экспорты 18%-ға ұлғайды. Бұл тенденциялар қазақстандықтардың арасында балмұздақ танымалдығының және жергілікті компаниялардың халықаралық менмендіктерінің өсуін бейнелейді.

Тенденцияларға сәйкес келу үшін, отандық өндірушілер 2021 жылы балмұздақ өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр. «Евромонитордың» деректері бойынша Қазақстанда балмұздақ нарығының 35% алатын «Шин-Лайн» компаниясы, 2020 жылы 13,8 мың тоннадан артық өнім өндірген. Осы жылдың басы – қаңтар мен сәуір аралығы – компания үшін сатылымның ұлғаюымен белгіленді. Жеке қалаларда ол екі мәнді көрсеткішке жетті: Ақтаудағы өсімі 32%, Қарағандыда – 17%, Өскеменде – 15%, Атырау және Қостанайда – 12%-дан құрады. Ағымдағы жылда өндірісті жалпы 18 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Балмұздақтың Қазақстанда және ТМД елдерінде өсіп келе жатқан танымалдылығы осы нарықтағы әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді: ResearchAndMarkets.com, талдаушыларының пікірінше, жаһандық балмұздақ нарығы орта есеппен 2025 жылға қарай жыл сайын 4,9% өседі. Салқын тәтті өндірушілері үнемі балмұздақтың жаңа, талғампаздық түрін нарыққа шығарады. Нарықтағы жетекші сарапшылардың пікірінше, жаңа түрдегі өндірісті құру тек инновация мен жоғары сапа стандарттары арқылы мүмкін болады.

Өсіп келе жатқан тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін, «Шин-Лайн» өндірісін кеңейтуде. «Жазда біз жаңа кәсіпорын ашамыз, – деп айтып өтті, «Шин-Лайн» компаниясының «балмұздақ» санатының жетекшісі Дмитрий Докин – Жаңа фабриканың бірінші кезегінің құрылысы аяқталды және жылдың соңына дейін екі бірінші өнімділігі жоғары желіні іске қосамыз деп ойлайммыз. Әрбір осындай желі сағатына 36-40 мың дана немесе тәулігіне 50 тонна балмұздақ өндіре алады – мұндай тіпті ТМД-ның бүкіл аумағында да жоқ. Барлығы фабриканың бірінші кезегінде тәулігіне жалпы өнімділігі 200 тонна төрт үлкен және төрт орташа желі орнатылады. Фабриканың екінші кезегінің құрылысы басталды, онда өндіріс тәсілі мен өнім ассортименті бойынша бір-бірінен ерекшеленетін 12 өндірістік желіні орнату жоспарланып отыр».

Алматы облысының Байсерке кентінде 17 га. аудан аумағын алып жатқан, тамақ өнімін шығару бойынша компанияның жаңа өндірістік кешені іске қосылуға дайындалып жатыр және заманауи балмұздақ фабрикасын қамтиды. Кешен үздік әлемдік стандарттарға жауап береді және инновациялық технологияларды пайдалануды шамалайды, олардың кейбіреулері ТМД, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінде қолданылмаған.

2024 жылға қарай кәсіпорын тәулігіне 350 тонна өнім өндірісіне шығады. Жобаның жалпы құны – 33,4 млрд теңге.

Жаңа кәсіпоры қазақстандық балмұздақ нарығында отандық өнім үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, қуатты өсіру қазақстандық балмұздаққа шетел нарықтарында танымал болуға мүмкіндік береді. «Шин-Лайн» қазірдің өзінде бірнеше бағытта экспортты белсенді дамытуда. Компания балмұздақты Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан, Моңғолия және Қытайға экспорттайды. Жақын арада компанияның өнімімен Украина да танысады. Барлығы 2021 жылы «Шин-Лайн» өнім экспортын 70%-ға ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: