Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сапалы тауарды айырбастау жолы

20.07.2020, 17:55 1815

HALYQLINE.KZ Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым-қатынас дау-дамайға толы. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сауда және қызмет көрсету саласында «Клиенттікі әрдайым дұрыс» қағидасы үнемі үстемдік етпейді. Сатып алушылар мен сатушылар арасында әлі күнге дейін тауарды қайтару мен айырбастау мәселесі өзекті болып отыр. Тұтынушының құқығын түрлі жағдайда жан-жақты қорғауға бағыттылған «Тұтынушылыардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әрекет еткенімен, сатушылар түрлі сылтауларды алға тартып, сатылған тауарды айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға асықпайды. Шындығында сатып алушының қандай құқытары бар? Осы мән-жайға қысқаша тоқталып өтсек.

Тауардың дүкенде немесе базарда сатып алынғандығына қарамастан тұтынушылар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен берік қорғалғандығын естен шығармауы керек. Осы Заңның негізінде сатушы сапалы немесе сапасыз тауарды айырбастауға болмаса ақшасын қайтаруға міндетті (Заңның 24-бабы, 5-тармақшысы).

Тиісті сападағы, яғни қалыпты, бірақ сізге осы немесе басқа себептер бойынша, мысалы, өлшемі, түсі, фасоны бойынша ұнамай қалған тауарды қайтару үшін сіз сатушыға 14 күн ішінде жүгінуіңіз қажет. Егер сіз сәйкессіздікті 15 күнде анықтаған болсаңыз, сізге оны ауыстыру мүмкін болмайтындығымен келісуге тура келеді. Сатушы сізді кері қайтарады және ол дұрыс жасайды. Ал егер де сатушы 14 күнге дейінгі мерзімде оны айырбастаудан бас тартатын болса, шындық сіздің жағыңызда болады. Бұл орын алған жағдайларды құқықтық реттеу Занның 14, 30-бабтарында атап өтілген.

Заңнама бойынша айырбастауға жатпайтын тауарлар:

1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;

2) іш киімді;

3) шұлық-ұйық бұйымдары;

4) жануарлар мен өсімдіктер;

5) метрлеп сатылатын тауарлар (талшықты маталардың барлық түрі, трикотажды және және перделік мата, жасанды тері, кілем бұйымдары, тоқыма емес маталар, ленталар, шілтерлер, кестелер, сымдар, баулар, кабельдер, линолеум, багет, пленка мен клеенка);

6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Тел: 8(7242) 23-50-72, 23-50-66. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 ғимарат.

Инстаграмм: dzppkyzylorda

Фейсбук: ДзппКызылорда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: