Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сайлаудан ешқандай құқықбұзушылық анықталмаған

12.01.2021, 14:30 397

HALYQLINE.KZ Аймақтағы 376 сайлау учаскесінде 4000-ға жуық байқаушы бақылау жүргізді. Сайлау барысында құқықбұзушылық болған жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық сайлауды бейпартиялық байқау штабының жетекшісі Жандос Тұсмағанбетов мәлімдеді.

– Сайлауда техникалық кемшіліктер болып, уақытында қалпына келтіріліп отырды. Бұл сайлауға кері әсерін тигізбеді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде «тәртіп бұзушылық болды, дәлел ретінде сурет, видеолар бар» деген посттар шықты. Бірақ, олар Заң бұзушылықтың аясындағы әрекеттерге жатпайды. Сайлауға дейін байқаушылар заңнаманың негізінде оқытылды, барлық талаптарды біледі. Және де сағат сайын орталыққа мәліметтерді ұсынып отырды. Сайлауда өрескел бұзушылық болған жоқ, – деді Жандос Бектайұлы.

– Сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтауға 1103 қызметкер, оның ішінде сайлау учаскелеріне және бюллетеньдерді тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 772 қызметкер жұмылдырылды. Сайлау барысында құқықбұзушылық анықталмады, – деді ОПД жергелікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: