Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сағыну

25.04.2026, 7:00 25

HALYQLINE.KZ

Боямасыз

Автобуста. Жаныма балалы келіншек отырды. Баласы сүп-сүйкімді. Балапан дерсің, сап-сары күртеше кигізіп қойыпты. Түймедей өзі. Тілі анық. Үштерде болар.

Әлі сөйлеп келе жатыр.

— Мама, менің аяғым су емес. Тап-таза, міне! (Кеше сөйледі ме екен анасы, су қылдың аяғыңды деп). Адамдардың аяғы су ма? — дейді.

— Су емес олардікі де, жаңбыр жауып тұрған жоқ, — деді анасы.

Іші пысты білем, «мама, мен сені сағындым» деді бері бұрылып (терезе жаққа қарап тұрған-ды өзі). Мама деймін, мен сені сағындым. Сен де мені сағын. Мені сағыыын, мама?! — деді шешесінің алдына басын қойып. Анасы құшақтап, бетінен шөп еткізіп сүйіп-сүйіп алды.

Ең бақытты бала! Жүрегімдегі Анама деген сағынышымды қозғап жіберген бала!

Нұржамал  ӘЛІШЕВА,

журналист.

Алматы  қаласы

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: