Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теңізде туған талант

28.09.2020, 9:00 1200

HALYQLINE.KZ

Арал қалалық тарихи музейінде айдынды Аралдың төл перзенті, күйші-композитор, ақын- жырау, сценарист, режиссер Мұрат Сыдықовтың 80 жылдығына арналған «Теңізде туған талант» атты танымдық сағаты өтті.

Шараға Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Арал ауданының құрметті азаматы Мұрат Сыдықов, жұбайы Мәдениет саласынының үздігі Базар Қостаева, шәкірттері Мәдениет саласының үздігі Қарлығаш Аманова, белгілі жыршы, термеші Айна Тұяқова қатысты.

Танымдық сағат барысында Мұрат ағамызбен әсерлі сұхбат жүргізіліп, рухы биік күйлері, жыр-толғаулары, әуезді әндері орындалып, музей қорына «Жыр мәйегі – мақам», «Жырлайды Арал перзенті» атты кітаптары мен «Теңізбен терең тілдескен, сұлу сырмен үндескен» атты әндер мен күйлер жинағы сыйға берілді.

Жұмабек  ТАБЫНБАЕВ,

Арал  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: