Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Шәкәрім, сенің ақындығыңнан тарихшылдығың басым»

22.02.2020, 15:03 711

«Мағаш өліп, Абай түсініксіз бір дертке шалдыққан: ұйықтамай, көбіне түрегеп отырған. Дәрігер шақыртпаған. Көп күндер қасында боп, үйге барып қайтуға сұранған Шәкәрімге үш күн рұқсат етеді.

«Үйге келсем де мазам болмай, ертеңінде сәскеде Абай ағанікіне келдім. Үй ішінде қызу әңгіме болып жатыр. Сәлем беріп кіріп келдім. Үй толы кісі. Бәрі жым-жырт бола қалды. Әңгіме мен туралы болған ба деп ойлап қысылып қалдым.

Абай ағам:
– Нағыз сорлы мынау Шәкәрім екен, – деп салды..
Мен:

– Неге Абай аға? – дедім.

Абай:
– Мен өлемін. Сен білімсіз қалдың-ау – деді…

Бір жыл бұрын бір мәжіліс үстінде Абай:
– Шәкәрім, сенің ақындығыңнан тарихшылдығың басым, шығыс жұртына барып солардың кітапханасында отырсаң деп едім. Түркияда – Стамбул, Арабта – Мысыр, Мекке, Мәдина, Египетте – Александрия, Французда – Париж кітапханаларында зерттеу жүргізсең деймін. Біздің халқымыздың тарихы сол жақтан арна тартса керек – деп еді.

– Оныңыз жөн ғой, аға. Ол – өзімнің арманым. Бірақ менде қаражат жоқ қой!

– Мен тірі болсам, қаражат табылады. Қаражатыңа мен жауаптымын. Ал сен сол жұрттардың тілін меңгере бер. Қажылық басты мақсатым демессің, ғылым үшін барасың…»

Бекен Исабаев,

»Ұлылар мекені»

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: