Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL» коллекциялық монеталары сатылымға шығады

26.07.2022, 17:00 466

HALYQLINE.KZ Ұлттық Банк 27 шілдеден бастап «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» атты монеталар сериясынан «ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL» коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлады.

Монета реверсінде Роза Бағланованың суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін «100 JYL» деген жазу бар, монета жиегінде «Ах, Самара-городок» әнінің ноталары, «ROZA BAǴLANOVA» деген жазулар айналдыра басылған, сол жағында – монетаның шыққан жылын білдіретін «2022» деген жазу бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: