Бүгін Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Ресейдің Алматы қаласындағы Бас консулдығының қызметкері, ҚР Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің бас маман-сарапшысы Ольга Мощеева келді.
Облыстық кітапханаға Ресейдің Бас консулдығы тарапынан көркем әдебиет және балалар кітаптары сыйға тартылды.
Шараға облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Галина Щербакова, облыстық кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Ресей Бас консулдығының өкілі кітапхана жұмысымен танысты. Әсіресе 1 наурыз – Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған тақырыптық кітап көрмесін қызыға тамашалады.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!