Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қаралы күн – халықтың мұң жанары…

13.07.2020, 12:00 1374

HALYQLINE.KZ


Аурухана. Арпалыс. Қаза күту,

Тірі қалу. Үнсіздік. Аза тұту.

Ел еңсесі түспесін бүгін бір күн,

Төмендейді көк байрақ, қазақы Ту.


Өлім келіп татқанша дәуренің у,

Өмір деген ақ жалқын сәулені қу.

Қос өкпесі қабынған адамзаттың,

Қолдан келер амалы – тәубе қылу.


Аяулы азаматтар небір биік,

Келмес жаққа аттанды кебін киіп.

Солардың жанарында өлмей қалған,

Арманға жету үшін жеңілмейік!


Қаралы күн – халықтың мұң жанары,

Өтер бұл да, кетеді күн жаманы.

Алмасып қара түннің қауызынан,

Жалғанның жарық нұры бүр жарады…


Өкініштер өзегін өртегенмен,

Бақ кетпейді мінезі көркем елден.

Шу көтермей, Ту көтер қайта жұртым,

Енді ешқашан түспесін ол төбеңнен!

Мұхтар НИЯЗОВ,

ақын

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: