Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қадір түнінің қасиеті

05.04.2024, 8:35 113

HALYQLINE.KZ

 قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ يَقُمْ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ. (ق)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім ізгілігіне сеніп және қарымын тек Алладан үміт етіп Қадір түнін өткізсе (дұға жасап, нәпіл намаз және Құран кәрім оқып құлшылықпен өткізсе), бұрынғы күнәлары кешіледі» (Mуттәфәқун аләйһ)

Сахабалар Aлла Tағаланың Қадір түні жайлы: «Мың айдан қайырлы» деген мағынадағы Қадір сүресінің 3-аятына қуанғандай ештеңеге қуанбаған.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларына Исрайыл ұрпақтарынан төрт адам жайын баян етеді. Олар қас қағымдай сәтке де Аллаға қарсы шықпай, сексен жыл құлшылық жасайды. Сахабалар бұған таң қалысады.

Жәбірейіл (a.с.) келіп: «Уа, Mұхаммед! Сен және сахабаларың қас қағымдай сәтке де Аллаға қарсы шықпай, сексен жыл ғибадат жасағандарға таңырқастыңдар. Aлла Tағала саған бұдан ізгісін түсірді» деді және «Иннәә әнзәлнааһу фии ләйләтил-қадр… (Біз оны Қадір түнінде түсірдік)» (деген мағынадағы) аятпен басталатын Қадір сүресін соңына дейін оқыды. Пайғамбарымыз (с.a.у) бен сахабалар бұған қатты қуанады.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: