Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Осы Абай осыншама мол білімді қайдан алған?

25.02.2023, 16:00 320

HALYQLINE.KZ «Осы Абай осыншама мол білімді қайдан алған?» деп таңданатындар бар. «Магистратура оқымаған, докторантура бітірмеген. Шет елде тағлымдамадан өтпеген».

Біз баяғы Абайды өзімізбен салыстырамыз, өзімізбен өлшейміз ғой. (Кәнден күшіктің өзін Пілмен салыстырғанындай күлкілі нәрсе.) Ал осы қазіргі білім беру сатыларының бәрінен өткен адам неге Абайдай бір өлең, немесе бір Қара сөз жаза алмайды?! Оны біз «Абайдың феномені» немесе «Жұмбағы» деп атаймыз. Абай өзі туралы «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» деген. Абайды түсіну үшін, Абайдың «жұмбағын» шешу үшін, – Жүрегімізге терең бойлауымыз шарт. «Жұмбақ», бұл жерде, жасырын, бас көзіне көрінбейтін, Жүрек, Көңіл түкпіріндегі, интуитивті, иррационалды білім. Біреулер оны «Абайдың жүрегіне терең бойлауымыз» керек деп айтып жүр. Айналайындар-ау, өз жүрегіне бойлай алмаған, Абайдың жүрегіне қайтып бойламақ?! Байырғы қазақ ақсақалдары біреуге ренжігенде: » Ол жаман өзін танымайды, өзгені қайдан танысын!» – дейді екен.

Абайды тану үшін оның өлеңдерін, қара сөздерін Жүрекпен тыңдай білу лазым. Оның «Жүрегіңе сүңгі де түбін көзде» немесе «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» деп бізге қарата айтып отырғаны – осы. Қалай болғанда да Таным – ең әуелі Өзіміз арқылы өтеді, Өзімізден тыс таным жолы жоқ. Танымның сапасы, сол себептен, Өзіміздің сапамызға тікелей байланысты. Өзін тану жолын, әдісін Абай өзі айтып кеткен:

Өздерің де ойлаңдар,

Неше түрлі жан барсың.

Ғылым да жоқ, ми да жоқ,

Даладағы аңдарсың.

Жүрегіңмен тыңдамай,

Құлағыңмен қармарсың.

Соны көріп, соларға

Қайтып қана сарнарсың?!

Омар Жәлелұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: