Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өткені сырлы, келешегі нұрлы – Қызылорда

22.09.2022, 15:25 63

HALYQLINE.KZ

Қала күні мерекесінің кезекті тағылымды шарасы Өнер арбаты бойында өтіп, шаһар басшысы Асылбек Шаменов кітап көрмесі мен сатылым акциясына, сондай-ақ «Буккроссинг» кітап сөресінің ашылу салтанатына арнайы қатысты.

Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы алдымен Өнер арбатын бойлай орналасқан «Өткені сырлы, келешегі нұрлы – Қызылорда» атты кітап көрмесі мен кітап жәрмеңкесін аралап шықты.

Бүгінгі кітап фестивалі аясында Алматы қаласынан «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қоры және Түркістан қаласынан «Мазмұндама» қоғамдық қоры, сондай-ақ облыс орталығындағы «Кітап ал» кітап дүкені өз кітаптарын сатылымға шығарып, кітап мерекесінің көрігін қыздырды.

Кітап жәрмеңкесін тамашалап болған соң қала әкімі бастаған құрметті қонақтар «Буккроссинг» өзің оқысаң, өзгеге табыс ет қағидасына негізделген кітап сөресінің ашылу салтанатына қатысып, кітапхананың үздік оқырмандарын марапаттады.

Содан соң қала әкімі Асылбек Шаменов, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр тарланы, режиссер Хұсейн Әмір-Темір бірге кітап сөресінің лентасын қиып, арнайы кітапшаға өз лебіздерін жазып қалдырды.

Кітап мерекесі ары қарай қалалық кітапханалардың мәдени іс-шарасы мен «Bookathon» зияткерлік сайысына ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: