Шиелі ауданында Мұстафа Шоқай атындағы орталық алаңда Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай «Ата заңым – айбыным» атты жергілікті өнерпаздардың қатысуымен Open Air форматындағы мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Іс-шараның ашылуында Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов құттықтау сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуындағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ, мерекелік кешке аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев қатысты.
Іс-шара барысында жаңа Конституцияның қоғамдағы маңызы мен құқықтық мемлекет құрудағы рөлі кеңінен насихатталып, ауданның өнерпаздары патриоттық және эстрадалық әндерден концерттік бағдарлама ұсынды.
Мерекелік кеш тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!