Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Композитор Кеңес Дүйсекеев көз жұмды

09.07.2020, 12:50 708

Белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Кеңес Дүйсекеев көз жұмды. Бұл туралы әнші-композитор Елена Әбдіқалықов Instagram желісінде «Қазақ өнері мен мәдениетінің шын жұлдызы, шын биігі Кеңес ағам өмірден озды! Қаншама ұлы туындыларды дүниеге келтірген Ұлы композитор! Қазақ елі тағы бір ардақтысынан , Ұлы өнер иесінен айрылды!» деп жазды.

Кеңес Дүйсекеев 1946 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор А. В. Бычковтың композиция класы бойынша бітірген. 1974 – 1976 жылдары «Гүлдер» ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976 – 1979 жылдары «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975 – 1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен «Тамаша», «Халық – талант қайнары», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер», «Музыка әлемінде», т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984 – 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан «Қазақконцерт» гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – «Толғау» симфониясының (1984), «Жалаңтөс батыр» симфония поэма-картинасының (1996), «О, дүние» кантатасының (1997), «Жыл мезгілдері» романстар циклінің (1991), «Мәди», «Аққу Жібек» мюзиклінің, «Алдар көсе» опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, А.Мейірбеков, Н.Өнербаев, М.Дәулетбақова, т.б. әншілер орындап жүр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: