Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Игі бастама

14.06.2021, 10:35 433

HALYQLINE.KZ

«Алланың мешіттерін шынайы түрде Аллаға, ақырет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Алладан ғана қорыққан кісі жасайды. Міне, солардың тура жол табушылардан болулары үміт етіледі». («Тәубе» сүресі. 18-аят).

Қасиетті Қазалы өңірінде тағы бір игілікті бастама жасалды. Бұл күні «Жанқожа батыр» атындағы аудандық орталық мешіттің жанынан «Жанқожа батыр» атындағы құран жаттау орталығының іргетасы қаланды.

Рәсімге облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Абуов, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, өзге де ел ағалары қатысты.

Екі қабатты жаңа ғимарат ішінде шәкірттерге арналған жатын бөлмелер, сыныптар, ұстаздарға арналған бөлмелер, асхана, кітапхана салынады деп жоспарлануда. Аталмыш орталық аудандағы дін жанашырларының демеушілігімен салынып жатқанын, басы-қасында «Жанқожа батыр» мешітінің бас имамы Берік Сүлейменов бастаған жанашыр азаматтар жүргенін айта кеткен жөн.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: