Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Болат Омарәлиев: «Ортақол жазушы болар едім…»

22.01.2020, 14:57 1209 4

Табиғатқа өте жақын болдым. Ауылда өстім. 13 жасқа дейін ауылдан жинап алған әсеріммен әлі келе жатырмын. Уақытында өлең де жаздық. Бір жерде өлең оқығаным бар еді. Сонда ақын Қомшабай Сүйеніш қағаздан қарап оқыды, мен жатқа оқыдым. Жұртшылық таңырқай қарады. Өйтпегенде ше, олар суретке түсіретін адамнан ондайды күтпеді. Қомшекең де таңғалды. Қояр да қоймай оқып көрейін деп 5-6 өлеңімді алып қалды. Кейіннен бала-шағамды алып, еңбек демалысына шықтым. Қоғалыкөл ауылындағы Жирентай деген көлдің жағасындағы жайлауда Жылқыбай деген нағашымның үйінде жатып қызыққа тап болдым. Нағашым оқып жатқан газетке суретім мен біршама өлеңдерім бір бет болып шығыпты. Суретші Қайырбай Зәкіров екеуміздің өлеңдерімізді тұсаукесер деп беріпті. Қомшекең мақтауын да келістірген. Сонда нағашым: “біздің қазақ аяғындағы сөзді басына, басындағысын аяғына қойып жаза береді екен-ау” деген еді. Сөзі сүйегімнен өтіп кетті. Содан кейін өлең жазбай кеттім.

17 жасымда повесть жаздым. Оның көлемі 4 қалың дәптер болды. Кітапқұмар болдым. Жақында журналист Тілеген Бекарыстанов деген інім “Аға сіз жазушы екенсіз ғой” деп жазып жіберіпті. Басымды алып қаша жөнелдім. “Ой, аға қойыңызшы, “Ленин жолында” 1973 жылдың 13 маусымы күні әңгімеңіз шығыпты ғой” дейді. Уақытында жаздық-сыздық. Суретті де салдық. Егер жазушы болсам, ақын болсам ортақол болар едім. Ал, менің ондайға барғым келмеді.

Фототілші Болат Омарәлиевтің

«Кадірін түсірмейін деп кадр алмадым»

атты сұрақсыз сұхбатынан үзінді.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: