Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бақыт туралы әңгіме

31.10.2021, 12:00 1755

HALYQLINE.KZ

Аңызға айналған «Битлз»-дің негізін қалаушылардың бірі Джон Леннонның кішкентай кезінде оның анасы:

«Өмірдегі ең маңызды нәрсе бақыт, бақытты болу ғой!»,- деп үнемі айтады екен. Ол бастауыш сыныпта оқып жүргенде, мұғалімі одан есейгенде кім болғысы келетіндігі туралы жазуға тапсырма береді.

Сонда Джон:

«Мен үлкен болғанда бақытты адам боламын» деп жазыпты, ал ұстазы:

«Сен тапсырманы түсінбепсің»,- деп айыптапты. Болашақ ұлы музыкант болса ұстазына:

«Сіздер өздеріңіз өмірді түсінбейді екенсіздер», – деп жауап берген екен.

Шындығында, оның айтқаны дұрыс болатын.

Барлығы да бақытты болғысы келеді  Ендеше «бақытты болу!» деген нені білдіреді, оны қалай сезіну керек және бақытты қалай сақтау керек?

…Бірде бір дана адам айналасындағы табиғат сұлулығына қарап, жол бойымен өте көңілді адымдап келе жатады.

Алайда, қарсы алдынан ауыр жүк арқалап алып, еңкейіп әрең келе жатқан бір аянышты адам кездеседі:

«Неге өзіңізді осылай қинап келесің»,-деп сұрағанда, әлгі адам:

«Мен балаларым мен немерелерім үшін жұмыс істеп жүрмін. Менің бабам өмір бойы менің атам үшін азап шеккен, ал атам менің әкем үшін азап шеккен, менің әкем де менің бақытым үшін азап шекті, ал енді мен балаларым мен немерелерімнің бақыты үшін тырысып жүрмін»,-деп жауап беріпті.

«Сонымен, сіздің отбасыңызда бақытты адамдар болды ма?»,-деп сұраған дана адамның сұрағына, әлгі адам:

«Жоқ, бірақ менің балаларым мен немерелерім бақытты болады»,-депті. Таң қалған данышпан:

«Сауатсыз адам әліппені үйрете алмайды, қара қарға бүркітті тәрбиелей алмайды. Алдымен өзің бақытты болуың керек, сонда сен балаларыңа қалай бақытты болуды түсіндіре аласың ғой!»,-деген екен.

Құдай адамды сазбалшықпен жасап біткеннен кейін, тағы біраз сазбалшық артылып қалыпты:

«Енді мұнымен мен саған тағы не істесем болады екен?»,-дегенде Адам:

«Бақыт жасап берші», – депті. Сонда Құдай ештеңе деместен, қалған сазбалшықты алақанына ұстатқан екен.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: