Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айтыс олимпиадасының жеңімпазы анықталды

29.06.2023, 15:05 187

HALYQLINE.KZ Бүгін облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен облыс әкімінің жүлдесі үшін “Айтыс олимпиадасы” балалар мен жасөспірімдер арасындағы облыстық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

Балалар шығармашылығын қолдау, дәстүрлі өнеріміздің жаңа ізбасарларын даярлау, Сыр елі айтыс өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған сөз додасында айтыскер ақын, республикалық ақындар айтысының жүлдегері Ершат Қайболдин, айтыскер ақын, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, Қорқыт ата атындағы университетінің оқытушысы Айнагүл Әбуова және айтыскер ақын, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының Қызылорда филиалы бойынша төрағасы Нұрмат Мансұров қазылық етті.

Айтыс қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды Биқожа Нұржігіт (Қызылорда), Жаппасбай Сымбат (Қызылорда), ІІ орынды Мансұров Нұрахмет (Сырдария ауданы), Ержігіт Дильназ (Шиелі ауданы), І орынды Бектаев Ұлықбек (Қызылорда) иеленді. Ал тұңғыш рет ұйымдастырылған “Айтыс олимпиадасы” бас жүлдесін Абдуллаев Мұхамедали (Жаңақорған ауданы) иеленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: