Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әншілер 25 жыл бойы аузын жыбырлатып ауадан ақша жасап келеді»

29.04.2020, 10:07 869

HALYQLINE.KZ –| Ернар Айдардың ұтысқа тіккен көлікті жалға алғаны туралы жаңалықтан хабардар болған белгілі өнертанушы әрі ұлттық өнерді дәріптеуші Ерлан Төлеутай фонограммамен ән айтып, «аузын жыбырлататындарды алаяқ, аферист» деп отыр. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Мен осыларды əнші деп дəріптейтін, осылардың концертіне баратын тобырдың қараңғылығына, ашық ауыздығына таңғаламын. Бұлар мен үшін қашан да алаяқ «фанерщик» болатын, бұдан былай да, əманда аферист болып қала бермек. Ал енді мынау пандемия жағдайында алаяқтық жасағаны – тіптен шектен шыққандық!

Мінеки, жұртым, «фанерщик аферистер» 25 жыл бойы аузын жыбырлатып ауадан ақша жасап келеді. Қазір жұрттың көзі ашылды, халық мұндай алаяқтардың «репертуары» тек «ауыз жыбырлатудан» тұратын «концертіне» бармайтын болды. Сөйтіп «фанерщиктер» үшін соңғы бір-екі жылда «ауа» тарылды. «Ауа» тарылған соң, бұлар қайраңға шығып қалған балықтай жанталасуда. Ал мынандай эпидемия жағдайында бұлардың лотереяға өтірік қымбат көлік тігіп, лохотрон ойнатуы – тіптен шектен шыққандық!

Бұл соңы болмауы керек! Бұған дейін де, бұдан кейін де лотерея ойнатқан «фанерщиктердің» барлығы құқық қорғау органдары тарапынан əшкереленіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылып, заң алдында əділ жазасын алуы тиіс!«

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: