Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әл-Фараби: Басшының қасиеті (1-бөлім)

26.03.2022, 12:00 504

HALYQLINE.KZ Ешбір жанға бағынбайтын басшы адам, міне, осындай. Ол – имам, ол – қайырымды қаланың бірінші басшысы, ол – қайырымды халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы. Өз бойында туа біткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана осындай бола алады:

1. Бұл адамның мүшелері мүлде мінсіз болуы тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделгені жөн, сонда, егер осы адам әлдебір мүшесінің жәрдемімен әлденендей бір іс істемек болса, ол мұны оп-оңай атқаратын болады.

2. Айтылған сөзді сөйлеушінің құлағына ойындағысындай және істің жай-жағдайына сәйкес ұғып алуға тиіс.

3. Естігіш және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтап, бұлардан ешнәрсені ұмытпауы шарт.

4. Әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуға міндетті.

5. Өткір сөз иесі және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере алатын тілмар, өнер-білімге құштарланып, оқып-үйренуден шаршап-шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, бұған оңай жетуі тиіс.

6. Тағамға, ішімдік ішуге, сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болғаны дұрыс.

Жалғасы бар…

Әбу-Насыр Әл-Фараби

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: