Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды

27.05.2026, 22:30 24

 HALYQLINE.KZ

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп жазды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында қарсы алды.

Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына қонғанға дейін Ресей Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты.

Ұшақ трапының алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Владимир Путин мен ресми делегация мүшелеріне екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар, Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншылары қошемет көрсетті.

Одан кейін Қазақстан мен Ресей туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті.

Әуежай терминалында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі және сырнайшы, халықаралық конкурстардың лауреаты Радмир Хайбуллин Ресей мемлекеті басшысының құрметіне Құрманғазы күйлері мен орыс халық әуендерінен попурри орындады.

Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екіжақты құжаттарға қол қойылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: