Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рейдтік «Учаске» іс-шарасы өтуде

07.04.2021, 17:00 363

HALYQLINE.KZ  1 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін «Учаске» жедел алдын-алу рейдінің аясында Өсербаев көшесінде жергілікті рейдтік жұмыстар ұйымдастырылуда.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Мақсат – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау, азаматтармен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату және халық арасында полицияның имиджін нығайту.

Аталған іс-шараны өткізуге полиция қызметкерлері, оның ішінде учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, патрульдік полиция инспекторлары және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері мен ерікті белсенділер қатысты.

Іс-шара барысында жалға берілетін пәтер агенттіктерінің иелерімен Қорқыт ата көшесі №7, Өсербаев көшесі № 67, Әйтеке Би көшесі №24 және №26 үй-жайларда пәтер беру кезінде құқықбұзушылыққа жол бермеу, санитарлық талаптарды сақтау, қоғамдық тыныштық ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ учаскелік инспекторлар жалға берушілерге шетел азаматтарына пәтер беру кезінде міндетті түрде профилактикалық әңгімелер жүргізу туралы ескертті.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап жүргізілген алдын-алу жұмыстарының нәтижелері бойынша 130 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Рейдтік іс-шара барысында жаңадан 15 жалдамалы пәтер анықталды. Олардың заңдылығын тексеру үшін «Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хаттар жолданды. Сонымен қатар, Өсербаев көшесінде орналасқан дүкендердің иелеріне спирттік өнімдерді белгіленген уақыттан кейін сатуға тыйым салынғаны туралы, ал мұндай фактілер анықталған жағдайда оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хабарламалар таратылып, полицейлер тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: