Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорданың халқы 368,9 мыңға жетті, жұмыссыздық 4,4 пайыз

28.07.2026, 20:30 32

Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов жартыжылдық қорытындысында халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмысты жеке сөз етті.

– Жұмыссыздықты жою — басты талап. Биыл «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақыға 47,5 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге 35 маманға 15,1 млн. теңге берілді. Бюджеттік кредитке 259,5 млн. теңге бөлінді, – деді ол. Көтерме жәрдемақы 110 маманға, бюджеттік кредит 30 маманға арналған.

Статистикалық дерекке сәйкес, бүгінгі күнге қала халқының саны 368,9 мың адамды құраған. Өсу қарқыны 1,2 пайыз.

– Жұмыс күшінің саны – 150,7 мың адам болса, жұмыссыздық деңгейі 4,4%. Ал енді, жыл басынан жаңа жұмыс орындарымен қамтылған азаматтар саны 4216, оның ішінде тұрақты жұмыспен қамтылғаны 1492 адам. Жыл басынан бері 1 256 адам қоғамдық жұмысқа, 9 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Жастар тәжірибесіне 174 жас маман жолданды, – деп нақтылап берді әкім.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: