Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада шен таққан мамандар психологиялық тренингке қатысты

26.08.2026, 9:00 30

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жеке құрам қызметкерлерінің психологиялық ахуалын нығайтуға бағытталған психологиялық тренинг өтті.

Тренингке Медиация кеңесінің төрағасы, психолог-медиатор маманы Жанна Мирамбекқызы қатысып, қызметкерлермен стресс пен эмоционалдық күйзелісті басқару, қиын жағдайлардан дұрыс шығу, ұжыммен тиімді қарым-қатынас орнату және конфликтілердің алдын алу тақырыптарында жұмыс жүргізді.

Тренинг барысында қатысушылар күнделікті қызмет барысында кездесетін түрлі келіспеушіліктерді сабырмен шешу, эмоцияны бақылау, әріптесін тыңдай білу және өз ойын дұрыс жеткізу дағдыларын жетілдіруге бағытталған практикалық жаттығулар орындады.

Психологиялық тұрақтылық — қызметтегі кәсібиліктің маңызды бөлігі. Өз эмоциясын басқара білген адам қиындыққа сабырмен қарап, кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады. Ал өзара түсіністік пен сыйластық қалыптасқан ұжымда жұмыс та нәтижелі болады.

Басты мақсат — қызметкерлердің психологиялық саулығын қолдау, ұжымдағы жағымды ахуалды қалыптастыру және кез келген конфликтіні бейбіт жолмен шешу мәдениетін дамыту.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: