Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада ХҚКО-лар қалыпты жұмысқа көшті

11.01.2022, 15:45 276

HALYQLINE.KZ Қызылордада елдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жұмыс режиміне көшті.

Бұл жөнінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары 10 қаңтардан бастап қалыпты жұмыс режиміне көшті. Азаматтарға барлық қызмет түрі қолжетімді. Тек мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі әзірге қолжетімсіз. Ондағы автокөлікті тіркеу немесе есептен шығару және жүргізушіл куәлігін рәсімдеу қызметтері ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің құзыретінде.

«Байланыс сапасына қарай кейбір қызметтер ара-тұра қолжетімсіз болуы ықтимал екендігін де жасырмаймыз. Бірақ әзірге ондай олқылықтар байқалмады. Елдегі төтенше жағдайға байланысты өңірде интернет желісі уақытша шектелген. Бірақ Халыққа қызмет көрсету орталықтары ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы (ЫАЖ) жұмыс істейді. Сондықтан азаматтардың орталықтарға келіп, қызметтер алуына еш кедергі жоқ», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айнұр Тобаева.

Аймақтағы ХҚО-да төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін белгіленген. Филиал директоры облыста террорлық қатердің қызыл деңгейі енгізілгендіктен, клиенттерді сақ болуға шақырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: