Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада газ баллоны жарылып, үй өртенді

08.01.2024, 14:25 434

Туыстарының айтуынша, үйде 5 адам болған, деп хабарлайды halyqline.kz сайты inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«2024 жылғы 5 желтоқсан күні 09 сағат 43 минутта Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы, Аққұм көшесі №12 тұрғын үйде газ жарылып, салдарынан үй жанып, ішінде адам қалып қойғаны жөнінде хабарлама түсті», – деп хабарлады Қызылорда облысының ТЖД.

Төтеншеліктердің айтуынша, өрттің техникалық шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. Өкінішке қарай, өрт арасынан 75 жастағы азаматшаның мәйіті табылған. Анасын құтқарамын деп денесінің 12-13 пайызын күйік шалған үй иесі аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

«Хабарлама бойынша Жалағаш ауданы, Аққұм ауылы, Аққұм көшесі №12 мекенжайда орналасқан көлемі 10х11 шаршы метр тұрғын үйде 50 литрлік газ баллонының жылыстануы болып (хлопок), өрт оқиғасы барысында үйдің 8х5 шаршы метр қабырғалары құлап, бөлмелері толығымен жанғаны анықталды. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үйінділердің астынан 20.12.1948 жылы туған әйел азаматшаның мәйіті табылды. Ал 02.01.1994 жылы туған ер азамат өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін анасын құтқару барысында денесінің 12-13% ІІ дәрежелі күйік жарақатын алып, аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, оқиға болған үй ауласындағы «Daewoo nexia» маркалы автокөлігі жарылыс салдарынан зақымдалған. Өртке Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника, 6 қызметкер жұмылдырылды. Ара қашықтық – 33 км. Өрт 10:56 минутта оқшауланып, 12:18 минутта толық жойылды», – дейді төтеншеліктер.

Қазіргі таңда оқиға орнында ТЖД Өрт зертханасы және анықтау бөлімінің мамандары өрттің техникалық шығу себебі мен шығынын анықтауда.

Фото: Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: